Қазақстанда барлығы қанша тұрғын үй бар?

2 Наурыз, 18:50 436

Елімізде жалпы саны 2,5 млн тұрғын үй бар. Оның 2,2 млн – жеке үйлер болса, 306 мыңы – көппәтерлі үйлер, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2024 жылы тұрғын үй қорының жалпы ауданы 434,3 млн м2 құраған.  

Оның ішінде:  

287,1 млн м2 – қалалық жерде

147,2 млн м2 – ауылдық жерде 

Тұрғын үйлер ең көбі Түркістан және Алматы облыстарында орналасқан. Қалалық елдімекендердің арасында тұрғын үйлердің көп бөлігі Алматы қаласында, ауылдық елдімекендер арасында Түркістан облысында.

Перизат Саденова
Бөлісу: