Қазақстанда бала туу жасы заңмен бекітілмек, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасына сілтеме жасап.
15 пен 49 жас аралығы қыз-келіншектер «репродуктивті жаста» болып саналады.
Және бұл ұғым Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі кодесіне енгізіледі.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 42 жастан кейін қыз-келіншектердің босануы қиындайды. Мұны клиникалық тәжірибе көрсеткен.
Мәселен, жыл сайын репродуктивті клиникаға 49 жастан асқан 25-30 әйел жүгінеді екен. Бұл әйелдер 10-12 жыл бұрын қатырып қойған жұмыртқа клеткасын қолданады немесе экстракорпоральды ұрықтандыру жасайды.
Өткен жылы ЭКО-ның қызметіне 28 әйел жүгініп, оның жартысы босаныпты.