Қазақстанда әйелдерге некеге тұруға рұқсат етіле ме?

21 Желтоқсан 2023, 18:15 973

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық деңгейін төмендету үшін әйелдер арасында бір жынысты некеге рұқсат беру жоспарланып отырғаны туралы «жаңалық» тарады. Бұл фейк, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.


Бұл ақпараттың негізгі дереккөзі – qaznews24 Instagram аккаунты. Парақшаның профилінде оның ойдан шығарылған жаңалықтарды ғана жариялайтын «сатиралық ақпарат агенттігі» болып табылатыны және барлық атаулар мен оқиғалар ойдан шығарылғаны жазылған.

Демек, таралған ақпаратқа сенбеген жөн. Бұл фейк.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: