Қазақстанда әйелдер вагондарының саны артады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры Жәнібек Тайжанов мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұған дейін әйелдерге арналған вагондар мына бағыттар бойынша қатынаған: Алматы – Маңғыстау, Алматы – Өскемен, Павлодар – Түркістан, Маңғыстау – Семей, Атырау – Астана.
Бұл вагондарда 154 мың жолаушы тасымалданған.
2023 жылы жазда мына бағыттар бойынша қосымша вагондар пайда болады:
Астана – Алматы (Тальго пойызы); Астана – Шымкент; Алматы – Ақтөбе.