Қазақстанда әйелдер мен ерлер қандай қылмысты жиі жасайды

9 Желтоқсан, 08:33 360

Ұлттық статистика бюросы еліміздегі әйелдер мен ерлер қандай қылмысқа жиі баратынын алға тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әйелдер:

Бірінші орында алаяқтық тұр – барлық үкімнің 30%.

Екінші орында ұрлық тұр– 20%.

Үшінші орынды мүлікті иемдену немесе ысырап ету алады – 7%.

Ерлер:

Бірінші орынды ұрлық алады – 25%.

Екінші орында есірткіге байланысты қылмыстар – 15%.

Үшіншісінде алаяқтық тұр – 9%.

2024 жылы сотталғандар арасында әйелдердің үлесі – 13%, ерлердің үлесі 87%-ды құрайды.

Бірақ бірқатар қылмыс түрі бойынша әйелдер жиі сотталады. Мысалы:

Притон ұйымдастырғаны үшін 56 әйел мен 13 ер адам сотталған.

Кәмелетке толмағандар саудасы үшін – 12 әйел және 3 ер адам.

Жеке басын қорлағаны үшін – 91 әйел мен 79 ер адам.

Зарина Арман
Бөлісу: