Қазақстанда ауа райы күрт салқындайды

9 Тамыз 2023, 15:02 11983

Қазақстанда күн салқындап, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Қазгидромет» РМК-нің мәліметінше, елімізде ұзаққа созылған аптап ыстықтан кейін қазақстандықтар арктикалық ауаның салқынын сезінеді.

Оңтүстікте, шығыста оңтүстік циклонның әсері сақталады. Екі ауа массасының соқтығысуынан фронтальды бөлімдер шиеленіседі. Батыс өңірлерді қоспағанда, Қазақстанда жаңбыр жауады. Кейде найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел (15-25 м/с дейін) соғады.

Тек батыста ыстық ауа райы сақталады.

Равиль Ашығали
Бөлісу: