Қазақстанда АИ-95 маркалы бензиннің бағасы кейінгі бір жылда бір литрі орташа есеппен 6 теңгеге өскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасына сілтеме жасап.
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, кейінгі бір жылда бұл отынның бір литрі орташа есеппен 6 теңгеге өскен екен.
Әсіресе АИ-95 жанармайының құны Петропавл, Жезқазған, Тараз, Алматы, Астана және Семей қалаларында едәуір көтерілген. Ал отандық жүргізушілер көп тұтынатын АИ-92 бензині орташа есеппен 203 теңгеден сатылып жатыр.
Бұл марканың құны былтыр Орал мен Шымкент қаласында ғана қымбаттаған еді. Қалған өңірлерде баға тұрақты болған.