Қазақстанда АЭС-ті қай ел салады? Вице-министр жауап берді

Кеше, 13:20 256

Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов АЭС құрылысымен айналысатын ел мамыр-маусым айларында белгілі болатынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Есімхановтың сөзінше, энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бастаған делегация Оңтүстік Корея, Қытай, Ресей және Францияның әлемдік өндірушілерімен танысып шыққан.

Қажет жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бірнеше сұрақ дайындап қойдық. Президенттің тапсырмасымен министрлік әлеуетті вендорлармен тиісті келіссөз жүргізіп жатыр. Сондықтан осы жылдың бірінші жартыжылдығында, мамыр-маусым айларында әлеуетті вендорлар туралы ақпарат болып қалады. Қай елдермен жұмыс істей бастайтынымызды айтамыз, - деді Сұңғат Есімханов.

Ол АЭС құрылысы үшін консорциум құрылатынын да еске салды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: