Қазақстанда адам өлтіру қылмысы азайған

19 Қазан 2023, 22:05 643

Бас прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев төрағалығымен Ішкі істер министрлігінің басшылары, облыстардың прокурорлары және Полиция департаменттері бастықтарының қатысуымен адам өлтіруді тергеу және ашу сұрақтары бойынша  ведомствоаралық жедел кеңесі өткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тимур Тәшімбаев қасақана адам өлтіру қылмысы төмендегені байқалғанын атап өтті.

Биылғы 9 айда адам өлтіру фактілері 27,3% төмендеген (578-ден 420-ға дейін), ал осындай қылмыстардың ашылуы 94%-ға жоғарылаған. Десе де қасақана адам өлтірудің себептері бірқатар мәселеге, оның ішінде профилактиканың әлсіздігіне тікелей байланысты. Адам өлтіруді тергеп-тексерудің сапасы және қылмыскерлер үшін сөзсіз жазаның болуы да маңызды мәселелер болып табылады, - делінген Бас прокуратура таратқан мәліметте.

Жедел кеңестің шешімімен полиция органдарының басшылары мен облыс прокурорларына аталған бағытта, оның ішінде «өткен жылдары» адам өлтіру қылмыстарын ашу, жасырынған қылмыскерлерді, жоғалған азаматтар мен басқаларды іздестіру жөніндегі жұмысты жандандыру тапсырылды.

Перизат Саденова
Бөлісу: