Қазақстанда А гепатитімен сырқаттанушылар саны артқан

24 Наурыз, 12:07 602

2024 жылдың басынан бері елде жіті А вирустық гепатитінің 850 жағдайы тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,9 есе жоғары. Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.                                        

А ВИРУСТЫҚ ГЕПАТИТІНІҢ БЕРІЛУ ЖОЛДАРЫ:

А вирустық гепатиті лас сумен, ластанған тағаммен және науқаспен байланыста болғаннан кейін кір қолдар арқылы беріледі. 

А ВИРУСТЫҚ ГЕПАТИТІ АУРУЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ:

Аурудың белгілері - дене температурасының жоғарылауы, бастың ауруы, тәбеттің төмендеуі, енжарлық, жүректің айнуы, құсу.

Инкубациялық кезең - 14-тен 35 күнге дейін.

А гепатитімен ауыратын науқас симптомдар пайда болғанға дейін 2 аптада және бір аптадан кейін басқаларға жұқпалы болады

ВАКЦИНАЦИЯЛАУ А ВИРУСТЫҚ  ГЕПАТИТІНЕН ҚОРҒАЙДЫ

Вакцинациялауға жататындар:

- екі жастағы балалар;

- инфекция ошақтарындағы байланыстағы адамдар.

ГЕПАТИТ ИНФЕКЦИЯСЫНАН ҚАЛАЙ САҚТАНУҒА БОЛАДЫ:

- тамақтанар алдында, дәретханаға барғаннан кейін, жұмыстан оралғанда, серуендегенде қолыңызды жуыңыз;

-ашық су қоймаларынан қайнатылмаған су ішпеңіз және онымен жемістер мен көкөністерді жууға болмайды;

-ластанған су айдындарында шомылуға болмайды.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: