Қазақстанда 60% халық газбен қамтамасыз етілді

16 Шілде, 11:37 436

Қазақстанда халықты газбен үздіксіз қамтамасыз ету үшін бірқатар ірі стратегиялық инфрақұрылым жобалары жүзеге асырылуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үкімет отырысында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев газдандыру және газ тасымалдау жүйесін дамыту барысы туралы баяндады.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша ел халқының 60% немесе шамамен 12 млн адам газға қол жеткізді.

Ары қарай газдандыру мақсатында биыл республикалық бюджеттен 89,3 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ Іс-шаралар жоспары аясында Үкімет қосымша 105,4 млрд теңге бөлді, бұл 300 мыңнан астам адамды газбен қамтамасыз етіп, 1700 шақырымнан астам газ желілерін жаңғыртуға мүмкіндік береді. Ел тұтынушыларын газбен үздіксіз қамтамасыз ету үшін ірі стратегиялық инфрақұрылым жобаларын іске асыру жоспарланып отыр. Оның ішінде «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистралды газ құбырының екінші желісін «Ақтөбе – Қостанай» магистральді газ құбырын «Талдықорған – Үшарал» магистральді газ құбырын салу, – деп хабарлады А.Сәтқалиев.

Министр еліміздің транзиттік әлеуетін толық пайдалану бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

Өткен жылдың қазан айында Ресей газын Өзбекстан Республикасына транзиттеу іске қосылды. Былтыр 1,28 млрд м3 тасымалданды. Биыл көлемді 3,8 млрд м3 дейін ұлғайту жоспарлануда.

Тұрақты өсім түрікмен және өзбек газдарының ҚХР-ға транзитінен көрінеді. Сонымен қатар Ресей газының Қырғызстанға транзитін ұлғайту мәселесі талықлау сатысында тұр.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: