Қазақстанда 3 700-ге жуық мопед тіркелді

Кеше, 08:41 245

Бүгінгі таңда еліміз бойынша 3 700-ге жуық мопед тіркелген, оның шамамен 1 400-і Алматыда. Полицейлер мопед иелерін барлық қажетті рәсімдерді уақтылы орындауға және заң талаптарын сақтауға шақырады, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі. 

Айта кетсек, барлық мопед иелері көліктерін 2025 жылдың 5 сәуіріне дейін тіркеуге міндетті. Мопедті тіркеу үшін иелері тұрғылықты жері бойынша мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына (арнайы ХҚКО) жүгініп, құжаттарды ұсынып, техникалық тексеруден өтіп, сондай-ақ көлікті тіркеу, тіркеу туралы куәлік және мемлекеттік нөмір алу үшін мемлекеттік баждарды төлеуі қажет. Ал 5 сәуірден кейін тіркелмеген мопедтерді басқаруға тыйым салынады.

Тіркелмеген мопедтерді тізгіндеу анықталған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабының 2-тармағына сәйкес 10 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жауапкершілік көзделген.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: