Қазақстанда 206 мыңға жуық шетелдік автокөлік заңдастырылды

13 Шілде 2023, 16:03 1397

Заңдастырылған автокөліктердің басым көпшілігі Ресей (66,3%), Армения (18,4%) және Қырғызстаннан (10,7%) әкелінген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі таңда облыстар бойынша ең көп көлік тіркелген өңірлер белгілі болды. Олар:

Алматы қаласында – 21 115 бірлік (10,3%);

Ақтөбе облысында – 20 876 (10,1%);

Шымкент қаласында – 15 145 (7,4%);

Батыс Қазақстан – 14 204 (6,9%);

Атырау – 14 197 (6,9%);

Қызылорда облысында – 13 695 (6,7%) тіркелген.

Жалпы тіркелген шетелдік көліктер саны - 205 915.

Сонымен қатар көліктерді заңдастыру барысында бірқатар мәселе болған.

Бірінші мәселе, қосалқы бөлшектер ретінде әкелінген көліктер болды. Олар кедендік тазартудан өтпеді және заңдастыруға жіберілмеді. Үкіметтің 2023 жылғы 9 қаңтардағы №13 қаулысына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес биылғы 22 мамырдан бастап конструктор-автокөліктерді заңдастыруға рұқсат берілді. Осылайша, бүгінгі таңда 14 654 автоконструктор заңдастырудан өтті, - деді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.

Тағы бір мәселе, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде есептен шығарылмаған автокөліктерге және оларға қойылған шектеулерге байланысты болды. Мұндай автокөліктерді заңдастыруды кейінге қалдыру туралы шешім қабылданды.

Алайда басқа елде бұрынғы тіркелген жері бойынша олар есептен шығарылған жағдайда, заңдастыру шарттарында бастапқы тіркеуден өтуге немесе оларды кері әкету туралы міндеттеме бойынша оларды 5 жыл мерзімге уақытша есепке қояды. Уақытша есепке қою кезінде Қазақстан Республикасының көлік құралын тіркеу туралы куәлігі және мемлекеттік нөмірлік белгілері берілетін болады, - дейді Сұлтанбаев.

Тіркеу туралы куәлікте «уақытша есепке алу, иеліктен шығару және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығу құқығынсыз» деген жазбалары көрсетіледі.

Шетел автокөліктерінің тіркеу құжаттары мен мемлекеттік белгілері Мемлекеттік корпорацияға сақтауға тапсырылатын болады. Қазақстан азаматтары аталған автокөліктерді елден тыс жерлерге әкетуге шешім қабылдаса, олар Қазақстан Республикасының тіркеу құжаттары мен мемлекеттік нөмірлерін тапсыруы керек. Содан кейін оларға шет мемлекеттің тіркеу құжаттары мен мемлекеттік нөмірлері қайтарылатын болады, - деп түсіндірді Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы.

Ал егер осы авткөліктерді Қазақстан азаматтары Қазақстанда бастапқы тіркеуді жүзеге асыру туралы шешім қабылдаса:

- алдымен бұрынғы тіркелген елінде есептен шығарады;

- оларға 200 000 теңге мөлшерінде бастапқы тіркеу үшін алым төлейді.

Яғни оларға заңдастыру шарттары қолданылатын болады және утилизациялық алым төленбейді. Біз бұл жұмысты ағымдағы жылдың 17 шілдесінен бастауды жоспарлап отырмыз. Қазір біз автокөліктерді уақытша есепке қою үшін тиісті сервисті пысықтап жатырмыз, - деді Қайсар Сұлтанбаев.  

Миражан Махан
Бөлісу: