Қазақстанда 20 мыңнан астам адам Паркинсон дертіне шалдыққан

11 Сәуір 2023, 20:09 1187

11 сәуірде Бүкіл әлемде дәстүрлі түрде Паркинсон ауруымен күресу күні атап өтіледі, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Паркинсон ауруымен күресу күнін адамдардың ауру туралы көбірек білуі үшін бекіткен. Соңғы жылдары осы саладағы негізгі бастамалар халықаралық Паркинсон ауруы және қозғалыс бұзылыстары қоғамы жетекшілік ететін Паркинсон ауруы бойынша Дүниежүзілік білім беру бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда. Бағдарламаға Қазақстанның көптеген неврологтары тартылған, бұл оларға осы саладағы білімдерін арттыруға мүмкіндік береді.

Әлемдік статистикаға сәйкес Қазақстанда бүгінгі таңда Паркинсон ауруымен ауыратын 20 мыңнан астам адам бар. 

Паркинсон ауруының басты белгісі – дофамин деп аталатын затты түзетін қара субстанция орналасқан орта мидағы салыстырмалы түрде шағын жердегі жүйке жасушалары бірте-бірте өледі. Дофамин жетіспеген кезде адамның қимыл-қозғалысында қол-аяқтың дірілдеуі, бұлшық еттің құрысып қалуы, қимылдың баяулауы, денені ұстай алмай, құлап қалу секілді осы ауруға тән қиындықтар туындайды.

Бұл дерт бірте-бірте асқынып, басқа ауру сияқты болып көрінетіндіктен, нақты диагноз қоюға ұзақ уақыт кетіп қалуы мүмкін. Ал көптеген адам бұл аурудың алғашқы белгілерін қартаюдан болатын қалыпты нәрсе деп түсінеді.

Паркинсонға шалдыққан науқастарда өмір сүру сапасы кенеттен төмендеп, медициналық, әлеуметтік мәселелер пайда болады, еңбек қабілетінен айырылады. Адам өз бетінше өмір сүру қабілетінен айырылатындықтан, Паркинсон ауруы қоғамдық мәселе болып табылады. Паркинсон ауруының әлеуметтік-экономикалық салдары таяу келешекте онкологиялық және жүрек-қантамыр ауруларымен қатар бірінші орынға шығуы мүмкін.

Паркинсон ауруы ешкімді аямайды. Олардың арасында Рим Папасы Иоанн Павел II, Мұхаммед Әли, Майкл Джей Фокс, Мао Цзэдун, Сальвадор Дали, Билл Гейтс сынды біздің заманымыздағы ұлы тұлғалар да бар.

EL.KZ
Бөлісу: