Қазақстанда 1,8 млн га астам аумақ шегірткеге қарсы өңделді

26 Маусым, 23:44 511

Қазақстан аумағында шегіртке зиянкестерінің таралуына байланысты жағдай Ауыл шаруашылығы министрлігінің бақылауында, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы Қазақстан аумағында 2,5 млн га алқапта үйірлі шегірткелердің таралуы болжануда.

26 маусымдағы жағдай бойынша 1,8 млн га астам аумақ қорғау шараларымен қамтылды. Оған 2500 адам тартылды, 427 арнайы бүріккіш техника қолданылуда. Мамандардың мәліметінше, қолданылатын препараттардың тиімділігі 85%-ды құрайды. Ақтөбе облысында италия прусы мен азиялық шегірткеге қарсы қорғаныс іс-шаралары барлық 12 ауданда жүргізілуде.

Бүгінгі таңда өңдеуге жоспарланған 784 мың гектардың 540 мың гектарында жұмыстар аяқталды, 74 бірлік техника жұмылдырылған. Түркістан облысында химиялық өңдеу аяқталды, мароккалық шегірткеден 366 мың гектар жер өңделді. Жаңадан анықталған қосымша ошақтар тазартылуда. Қостанай облысында итальян прусы мен азиялық шегірткеге қарсы 409 мың га өңделді. 130 қызметкер тартылды. 55 бірлік техника пайдаланылуда. Іс-шаралар жалғасуда. Ауыл шаруашылығы министрінің тапсырмасы бойынша өңірде Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Дархан Әбдікәрімов жүр, - дейді АШМ ресми өкілі Олжас Тлебалдин.

Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды, Павлодар, Абай облыстарында 505 мың га өңделген. Шаруалар су жеткізуге көмектеседі, шегіртке зиянкестерінің шоғырлану орындары туралы хабарлайды.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында химиялық өңдеулер жүргізу өңдеуге жататын алқаптардың анықталуына қарай басталады.Жағдай тұрақты, мониторингтік зерттеулер жалғастырылуда. Қорғаныс іс-шараларын уақтылы жүргізу үшін препараттар мен техника жеткілікті. Шекара маңындағы аумақтардағы жағдай бақылауда. АШМ уақтылы қорғау іс-шараларын ұйымдастыру бойынша түбегейлі шаралар қабылдануда.

Зарина Арман
Бөлісу: