Қазақстанда 14 мың шақырымнан астам ирригация жүйесінің тозығы жеткен

12 Желтоқсан 2023, 20:03 921

Соның салдарынан, тасымал кезінде судың 40%-дан астамы жоғалады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәселені шешу үшін министрлік суару жүйелерін кешенді реконструкциялау бойынша ауқымды жобаны қолға алуды жоспарлап отыр. Жобаны 3 кезеңге бөліп іске асыру ұсынылып отыр. Алғашқы кезеңде, 2024-2025 жылдары 3,5 мың шақырым су арнасыны жаңартылады. Бұл жыл сайынғы су шығынын 0,5 текше шақырымға дейін азайтуға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда еліміздегі суару жүйесінің жалпы ұзындығы 35 мың шақырымнан асады. Оның 20,6 мың шақырымы республикалық меншікте. 14,7 мың шақырымы коммуналдық және 0,5 мың шақырымы жекеменшікте.

«Кешенді жоспарды іске асыру су ресурстарын 3,7 текше шақырымға дейін ұлғайтуды және суармалы жерлерді 2,2 миллион гектарға дейін арттыруды көздейді. Бұл сонымен қатар жыл сайынғы суаруға арналған судың жоғалуын азайтып, 2030 жылға қарай оның көлемін 3 текше шақырымға дейін жеткізуге мүмкіндік береді» ,- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Берік Арманов
Бөлісу: