Қазақстанда 12 мыңға жуық адам ұлтын ауыстырған

Бүгiн, 14:20 832

Көпшілігі ұлтын орыстан неміске ауыстырған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанда 12 мыңнан астам адам жеке басын куәландыратын құжатта ұлтын ауыстырған.

Басым көпшілік ұлтын орыстан неміске ауыстырған. Одан қалды өзбектен қазаққа ауысқандар да аз емес.

ІІМ мәліметінше, соңғы төрт жылда ұлт ауыстыру статистикасы мынадай:

2021 – 3254 адам;

2022 – 3363 адам;

2023 – 3366 адам;

2024 (қазіргі уақытқа дейін) – 2158 адам.

Жүргізілген сараптама сәйкес, қазақстандықтардың арасында ұлтын орыстан неміске ауыстырғандар көп – 743, өзбектен қазаққа – 354, орыстан украинге – 300, украиннен орысқа – 246, орыстан қазаққа – 11, – делінген ІІМ мәліметінде.  

EL.KZ
Бөлісу: