Қазақстанда 12 мың адам банкроттыққа өтініш берген

13 Наурыз 2023, 10:29 877

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

"Борышкердің қарызы 5 млн 500 мың теңгеден аспаса және арызы соңғы 12 ай бойы төленбеген болса қарызды өтеудің осы түрін таңдауға мүмкіндігі бар. Сондай-ақ борышкердің мүлкі болмауы, соттан тыс бонкроттық рәсімін пайдалану үшін несие алған мекемемен келісімшарты болуы тиіс", – делінген хабарламада.

Өтініштер eGov порталы арқылы немесе Халыққа қызмет көрсету орталығында қабылданады. Арыз 15 жұмыс күнінің ішінде қаралада. Өз арызына кері жауап алған азамат 3 айдан кейін қайта өтініш бере алады.

Жалпы, Қазақстанда 12 жарым мыңға жуық адам банкроттыққа өтініш берген.

Банкроттық рәсімді қолданған адам 5 жыл несие ала алмайды.

EL.KZ
Бөлісу: