Қазақстанда 10 мыңнан астам адам өзін банкрот деп жариялауға дайын

30 Қаңтар 2023, 18:44 1712

Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді

10 мыңнан астам адам  банкроттық туралы заңы бойынша көмек алуға өтініш берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Қаржы вице-министрі банкроттық рәсімін көп дегенде 1,1 миллион адам пайдалана алатынын атап өтті.

"Бұл әркімнің өз еркінде. "Банкрот" мәртебесі қара белгі сияқты екенін ескеріп, азаматтар салмақты шешімдер қабылдайтынына сенімдімін. Бес жыл несие алуға шектеу қойылып, жеті жыл банкроттар тізімінде тұрады”, – деді Ержан Біржанов брифингте.

25 күн ішінде 10 мыңнан астам адам өтініш білдірген. 2023 жылдың 3 наурызында өтінімдерді қабылдау басталады.

EL.KZ
Бөлісу: