Қазақстанда 1-сыныпқа баратын оқушылардың 70% қазақ сыныптарын таңдаған

15 Маусым 2023, 11:09 565

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Биыл бірінші сыныпқа бару туралы өтінішті қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады.

Бүгінге дейін 250 мың баланың құжаттары тапсырылған.  

Биыл мемлекеттік тілде білім алғысы келетін бірінші сынып оқушыларының саны артты, - делінген Оқу-ағарту министрлігі таратқан мәліметте.

Қазақ сыныптарына ең жоғары сұраныс мына өңірлерде тіркелген:

Қызылорда облысы (94,1%)

Маңғыстау облысы (93,2%)

Ұлытау облысы (82,5%)

Түркістан облысы (80,6%)

Жамбыл облысы (79,4%).

Мадина Асылбекова
Бөлісу: