Қазақстан жеңіл атлеттері спорттық жүрістен Азия чемпионатында жүлдегер атанды

18 Наурыз, 00:28 605

Жапонияның Номи қаласында спорттық жүрістен Азия чемпионаты өтіп, қазақстандық спортшылар екі медальға қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы бұл жарыста табысты өнер көрсетті. Екі жүлдені де 20 шақырымдық қашықтықта жеңіп алды. Ерлер арасында Георгий Шейко күміс жүлдегер атанды, оның көрсеткіші – 1:23:07. 

Ал әйелдер сайысында Жасмин Тоқсанбаева 1:33:11 нәтижемен қола медаль иеленіп отыр. 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: