Қазақстан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында 2-ші орын алды

13 Ақпан 2023, 10:01 1153

Астанада жабық кешенде жеңіл атлетикадан X Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Facebook парақшасында ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов жазды. 

Бұл турнир біздің еліміздің тарихында тұңғыш рет өтті. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды, ал спортшылар лайықты өнер көрсетіп, ел үмітін ақтады.

Қазақстан құрамасының қоржынына 12 медаль түсті, оның 6- алтын, 3-күміс және 3- қола, деп жазды бүгін өзінің Facebook парақшасында ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.

Әйелдер құрамасы биіктікке секіру бойынша жеңіс тұғырынан көрінді. Желаяқтарымыз да жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

4 метрден 400 метрге дейінгі эстафетада Қазақстанның ерлер және әйелдер командалары жеңімпаз атанса, сол қашықтықтағы жалғыз әйелдер жарысында Элина Михина бірінші келді. Дэвид Ефремов болса кедергілермен 60 метрді, ал Каролин Кипкируи 3000 метрді бірінші еңсеріп Азия чемпионы атанды.

Спортшыларымыздың бұл жетістіктері Қазақстанға медальдық есеп қорытындысы бойынша 2 орын биігінен көрінуге мүмкіндік берді. 1- орында Жапония құрамасы, ал Катар командасы үздік үштікті түйіндеді.

Мен спортшыларымыз бен жанкүйерлерімізді лайықты нәтижемен құттықтаймын. Дәл осындай жарқын жеңістер жас спортшылар үшін керемет мотивация әрі елімізде жеңіл атлетиканың дұрыс бағытта келе жатқанының көрсеткіші деп білемін.

«Келесі Азия чемпионаты Тегеранда өтеді. Иран біріншілігінде спортшыларымыздың сәтті өнер көрсетуін тілейміз»,-деп жазды министр.

EL.KZ
Бөлісу: