Қазақстан жаһандық ядролық қауіпсіздікті нығайтуда

5 Тамыз, 22:30 469

Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллиннің төрағалығымен Женевада Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың (ЯҚТШ) он бірінші шолу конференциясына Дайындық комитетінің екінші сессиясы өз жұмысын сәтті аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ядролық қарусыздану, ядролық қаруды таратпау және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ең өзекті проблемалары және қатысушы мемлекеттердің ЯҚТШ-ты орындалуын үдерісін бейнелейтін Төрағаның Жұмыс құжаты сессияның негізгі қорытындысы болды.

Конференция екі апта бойы (22 шілде – 2 тамыз) аса күрделі геосаяси жағдайда өтті, ол ядролық қару ие мемлекеттер және ядролық емес мемлекеттердің конфронтациялық мәлімдемелері мен диаметральды қарама-қайшы ұстанымдарында көрініс тапты.

Шартқа қосылғанына 30 жыл толған жылы еліміздің ЯҚТШ алаңында табысты төрағалық ету қазақстандық дипломатияның беделін арттырып, Қазақстанның «орта держава» ретіндегі сыртқы саяси беделін нығайтты және еліміздің халықаралық саясаттағы бейтарап және теңгерімді акторы мәртебесін растады. Бұл жетістікке қазақстандық ұжымның қорытынды құжаттарды үйлестіру және қабылдау жөніндегі салиқалы жұмысы ықпал етті.

Соңғы жыл ішінде Төраға Шартқа қатысушы мемлекеттердің, соның ішінде «ядролық бестікке» мүше елдердің, өңірлік топтарымен және делегацияларымен көптеген консультациялар мен келіссөздер жүргізді.

Қазақстанның төрағалығының қорытындылары ядролық қарусыздану және таратпау саласындағы аса маңызды форумда келіссөздердің оң динамикасына қайта оралуын көрсетті және Гананың төрағалығымен 2025 ж. сәуір-мамыр кезеңінде Нью-Йоркте өтетін үшінші және соңғы Дайындық комитетінің сындарлы негізін қалады.

Ядролық қаруды таратпау туралы шарт (ЯҚТШ) 1970 жылы күшіне енді және ядролық қарудың таралуын болдырмауға, ядролық қарусыздануға жәрдемдесуге және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануды ілгерілетуге бағытталған іргелі халықаралық құжат болып табылады. Қазақстан 1994 жылдан бастап ЯҚТШ-ға толыққанды ядролық қаруы жоқ мемлекет болып табылады. 2024 жылы Қазақстан алғаш рет ЯҚТШ шолу циклі аясындағы маңызды оқиғалардың біріне төрағалық етті. Шарттың орындалуын бағалау және оның мақсаттарына қол жеткізу үшін одан әрі жұмыс бағыттарын анықтау үшін ЯҚТШ шолу конференциялары бес жыл сайын өткізіледі. Оң бірінші ЯҚТШ шолу конференциясы 2026 жылы Нью-Йорк қаласында өтуге жоспарлануда.

Перизат Саденова
Бөлісу: