Қазақстан заңын бұзған төрт шетелдік елден шығарылды

13 Қараша 2022, 00:23 996

Тәртіп сақшылары заңды белшесінен басқан Шри-Ланканың төрт азаматын Орал станциясында анықтаған

Көші-қон заңнамасын бұзған Шри-Ланканың төрт азаматы елден шығарылды, деп хабарлайды El.kz  Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсету аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасының 3 күні ішінде «ізін суытпай» 11 қылмыс ашылды. Сондай-ақ мыңнан аса әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 40 ұсақ бұзақылық фактісі, 200 қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішу дерегі, 51 шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның көші-қон саласындағы ҚР заңнамасын бұзғаны анықталды. Бұл туралы департамент бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов хабарлады. Оның айтуынша, Орал станциясындағы көлік полицейлері Шри-Ланка Республикасының төрт азаматына қатысты Қазақстан Республикасының Көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін тіркеді. Олар визада көрсетілген мерзімде ҚР аумағынан шығудан жалтарған. 

Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік материалдар толтырылды. Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен шетелдік азаматтарға 5 жыл мерзімге ҚР аумағына кіруге тыйым салу белгіленіп, Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығарып жіберу түрінде жауапқа тартылды, – деді М.Айтуғанов.

EL.KZ
Бөлісу: