Қазақстан үстел теннисінен әлем чемпионатына тағы бір жолдама жеңіп алды

11 Қаңтар 2023, 21:36 902

Бұл туралы ҰОК мәлім етті

Катарда үстел теннисінен әлем чемпионатына Азиялық іріктеу жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жеке есепте қазақстандық Кирилл Герасименко Кларенс Чжэ Юды (Сингапур) 4:1 есебімен жеңді, бұл оған әлем кубогына жолдама алуға мүмкіндік берді.

Бұған дейін Кирилл Герасименко мен Алан Курмангалиев әлемдік турнирге жұптық разрядта, ал Зауреш Акашева мен Айдос Кенжигулов аралас разрядта жолдама алған болатын.

EL.KZ
Бөлісу: