Қазақстан ҰҚШҰ-дан шыға ма? СІМ не дейді?

25 Қыркүйек 2023, 17:37 2039

Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан шығады деген ақпаратқа Сыртқы істер министрлігі өкілі жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақпараттық агенттіктерден осындай мәліметті оқып қалдым. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, - деді ол.

Айта кететін жайт, Армения осы ұйымнан шығуды талқылап жатыр.  

Армения Ресейді өзінің қауіпсіздігінің кепілі деп санауды тоқтатты. Бұл туралы Пашинян мәлімдеді. 

Украинадағы оқиғаларға байланысты Ресейдің мүмкіндіктері өзгерді, - деген болатын Пашинян.

Оның айтуынша, Ресейге қауіпсіздік кепілі ретінде сенуге болмайды.

Армения мен Ресей арасындағы қарым-қатынас соңғы жылдары, атап айтқанда, 2020 жылы Таулы Карабах соғысынан кейін Арменияға ҰҚШҰ қолдау білдірмегендіктен шиеленісті.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: