Қазақстан УЕФА коэффициенттері рейтингінде жоғарылады

1 Қыркүйек 2023, 14:33 817

Қазақстан Конференциялар лигасының плей-офф кезеңінің өзара матчтарынан кейін УЕФА коэффициенттері рейтингінде 34-орынға көтерілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстан УЕФА коэффициенттерінің жаңартылған рейтингінде 36-орыннан 34-орынға көтерілді.

Естеріңізге сала кетейік, Конференциялар лигасының топтық сатысында Қазақстан атынан елордалық «Астана» өнер көрсетіп жатыр.

«Астана» плей-офф кезеңінде албаниялық «Партизани» клубын 2:1 (1:0, 1:1) есебімен ұтты. Ал қостанайлық «Тобыл» еурокубокта чехиялық «Викториядан» жеңіліп қалды (жалпы есеп — 1:4).

УЕФА коэффициенттерінің кестесі:

1. Англия — 89.178 (2.250)
2. Испания — 75.989 (2.562)
3. Италия — 71.712 (2.428)
4. Германия — 69.767 (2.500)
5. Нидерланд — 55.100 (3.800)
6. Франция — 52.331 (1.750)
7. Португалия — 48.316 (3.000)
8. Бельгия — 38.400 (4.000)
9. Түркия — 32.850 (6.250)
10. Шотландия — 31.650 (2.000)

...32.Ирландия — 10.875 (1.500)
33. Косово — 10.791 (2.250)
34. Қазақстан — 10.750 (2.375)
35. Армения — 10.625 (2.250)
36. Латвия — 10.625 (1.625).

Мадина Асылбекова
Бөлісу: