Ақмола облысының Алтынды және Жанаталап ауылдарындағы жылыту пункттерінде 71 адам жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның ішінде 8 бала бар. Щучинск қаласындағы жылыту пунктіне 20 адам эвакуацияланды.
Азаматтарға ыстық тамақ беріліп, апаттар медицинасы орталығы филиалының психологтары көмек көрсетуде.
Зардап шеккен азаматтарды теміржол арқылы Астана қаласына жеткізу жоспарланған.