Қазақстан туризмді дамыту бойынша Қытайдың тәжірибесіне жүгінбек

2 Шілде, 18:55 500

Астанада ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев пен Қытай Мәдениет және туризм министрі Сунь Ель кездесіп, туризмді дамыту бойынша меморандумды талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2023 жылдың 10 қарашасынан бастап Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим енгізілді. Нәтижесінде Қытайдан Қазақстанға келген туристердің саны 400 мыңға жетіп, ал елден Қытайға сапарлатқан азаматтарымыздың саны 300 мыңнан асқан. Министр Ермек Маржықпаевтың сөзінше, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 2 есе көп.

Қазақстан мен Қытай арасындағы туристер саны артып келеді. Осыған байланысты екі ел арасындағы авиа тасымалды 44 рейске жеткіздік. Бұл үлкен авиа тасымал,- деді министр.

Осыған байланысты министр елдің туризм саласы бойынша ынтымақтастық орнатуға ниетті екенін жеткізді.

Былтыр мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына ресми сапары барысында «Қазақстанның Қытайдағы туризм жылы» деп жариялаған болатын. Осы шараның аясында биыл Бейжің қаласында туризм жылының ашылу салтанаты өтті. Сонымен қатар бизнес форум болып, Қазақстан мен Қытайдың 400-ден астам өкілі қатысты. Нәтижесінде 20-дан астам меморандумға қол қойылды.

Екі ел арасындағы меморандум еліміздегі туристер санын арттыруға, қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Бұл Қазақстан мен Қытайдың туризм тақырыбындағы соңғы келіссөзі емес, алдыға уақытта да кездесу жоспарланып отыр, - деді Нұртас Кәріпбаев туризм индустрия комитетінің төрағасы.

 

Миражан Махан
Бөлісу: