Қазақстан триатлон федерациясының жаңа президенті сайланды

Кеше, 19:04 341

Астанада «Қазақстан триатлон федерациясы» қоғамдық бірлестігінің кезектен тыс конференциясы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Конференцияға туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев, қаржы вице-министрі Ержан Біржанов, Ұлттық олимпиада комитеті өкілдері және өңірлік федерация басшылары қатысты.

Жиын барысында федерацияның 2023–2024 жылдардағы жұмысы қорытындыланып, жаңа президент сайланды. Дауыс беру нәтижесінде Ержан Ерікұлы Біржанов Федерация президенті болып сайланды. Ол бұған дейін бірінші вице-президент қызметін атқарған. Ал бұрынғы президент Даурен Әділбековтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев Федерацияның бұрынғы басшылығына триатлонды дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, Ержан Біржановты жаңа қызметімен құттықтады.

Федерация алдында жаңа әрі ауқымды міндеттер тұр. Сенімді және кәсіби команда бұл бағытта жоғары нәтижелерге қол жеткізеді деп сенемін. Министрлік тиісті қолдау көрсетуге дайын және ашық диалогқа әрдайым әзір, - деді Серік Жарасбаев.
Асқар Таудай
Бөлісу: