Қазақстан теннисшілері Пәкістаннан басым түсті

2 Ақпан, 23:14 686

Теннистен Астана қаласында өтіп жатқан Дэвис кубогы бірінші әлемдік тобының плей-офф кезеңінде Қазақстан құрамасы Пәкістанды ұтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҰОК мәліметінше, жарыстың екінші күнінде Александр Шевченко/Тимофей Скатов жұптық сында Акел Хан/Музамиль Муртазамен кездесті. Нәтижесінде қазақстандық жұп 6:4, 7:6 есебімен басым түсті.

Сондай-ақ, Денис Евсеев пәкістандық Ахмад Наел Курешиді 6:0, 6:0 есебімен ойсырата жеңді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Дэвис кубогының бірінші әлемдік тобына қайта оралды.

Асқар Таудай
Бөлісу: