Испанияның Севилья қаласында өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогінің финалдық кезеңінде Қазақстан құрамасы жеті дүркін әлем чемпионы Аустралиядан ұтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шешуші жұптық бәсекеде кортқа Анна Данилина – Юлия Путинцева және Сторм Хантер – Эллин Перес шыққан еді. Бірінші партияда аустралиялық жұп айқын басымдылық көрсетіп, 6:1 нәтижесімен аяқталды.
Қазақстандықтар екінші сетті де брейк жасап, сәтті бастағанымен, сол қарқынды жалғастыра алмады. Дегенмен бұл партияға тағы бір брейкпен нүкте қойып, есеп 6:4 болып аяқталды.
Супер тай-брейкте аустралиялық дуэт жеңісті жұлып алып, жалпы есепте 2:1 нәтижесімен Аустралияның пайдасына бұйырды.
Ертең Қазақстан құрамасы Словениямен шешуші матч өткізеді. Словения бұған дейін Аустралияны 2:1 есебімен тізе бүктірген еді. Сондықтан қазақстандықтарға словениялықтарды 3:0 есебімен жеңуі керек. Сонда ғана жарысты жалғастыра алады.