Қазақстан тағы бір халықаралық теміржол қатынасын іске қосады

30 Қыркүйек, 17:31 466

Қазақстанның Көлік министрлігі мен Ресей Федерациясының Көлік министрлігі «Риддер-Новосибирск» халықаралық теміржол қатынасын қалпына келтіру туралы келісімге келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Пойыздар биылғы жылдың 18 желтоқсанынан бастап төрт күнде бір рет жүре бастайды. Бұл туралы облыс тұрғындарымен кездесуде көлік министрі Марат Қарабаев айтты.

«Ресей темір жолдары» АҚ қызмет көрсететін №407/408 «Риддер-Новосибирск» халықаралық пойызы 250 жолаушыға арналған 6 вагоннан (3 купе, 3 плацкарт) тұрады. Осылайша Шығыс қазақстандықтардың үндеуі елеусіз қалмады.

Жоғарыда аталған пойыз ауаны баптау және бейнебақылау жүйелерімен, биоәжетхана кешендерімен, розеткалармен, мобильді құрылғыларды/гаджеттерді қуаттауға арналған USB порттарымен және әр орынның жанында жеке жарықтандырумен жабдықталған.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: