Футболдан Қазақстан суперкубогының сыйақы қорының сомасы белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл атаққа қазіргі ел чемпионы «Ордабасы» (Шымкент) мен Қазақстан кубогының иесі «Тобыл» (Қостанай) таласады.
Серый CARDINAL телеграм-арнасының мәліметінше, матч жеңімпазы 25 миллион теңге алса, финалист 15 миллионға иелік етеді.
Осылайша, Қазақстан суперкубогының сыйақы қоры 40 миллион теңгеге тең.
Айта кетейік, «Ордабасы» биылғы маусымда тұңғыш рет ҚПЛ-да алтын медаль алды.