Қазақстан спортшылары студенттер Ойындарында 4 күміс медальға ие болды

30 Шілде 2023, 13:55 691

Қазақстан спортшылары Универсиада Ойындарында төрт күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі

Шағын калибрлі винтовкадан атудың жас шеберлері Константин Малиновский, Ислам Сәтпаев, Шахторин Никита аталған сын бойынша күміс медаль иеленді. 

Сондай-ақ, тез атылатын пистолеттен ату дисциплинасында Никита Чирюкин екінші орынға ие болды. 

Бұған дейін дзюдодан ерлер арасында Сұңғат Жұбатқан 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола жүлегер атанды. 

Асқар Таудай
Бөлісу: