Қазақстан спортшылары қол күресінен әлем чемпионатында көш бастады

3 Қыркүйек 2023, 18:21 1421

Алматы қаласында қол күресінен 44-ші әлем чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Кадеттер, жасөспірімдер мен жастар, ересектер арасында өткен додаға 52 мемлекеттен 1000-нан астам спортшы қатысып отыр. 

Байрақты бәсекенің соңғы жарыс күнінде Қазақстан ересектер арасында оң қолдан 6 алтын, 9 күміс, 4 қола жеңіп алып командалық есепте топ жарды. Екінші орынды Грузия құрамасы иеленсе, үздік үштікті Түркия түйіндеді.

Аталмыш әлем чемпионатында отандастарымыз жоғары нәтижеге қол жеткізді. Ұйымдастырушыларға, жаттықтырушыларға және гір спорты мен қол күресі федерациясы президенті Марат Асаиновқа алғысымды білдіремін. Жарыс жоғары деңгейде өтті. Төккен тердің үміті ақталды, - деді ҚР қол күресінен команда басшысы Манарбек Қадыралиев.

Соңғы жарыс күнінің нәтижесі келесідей:

Алтын:

Ерлер
Ораз Басаров (55 кг)
Мейрамбек Ерсаин (60 кг)
Нұрдәулет Айдархан (80 кг)
Есболат Қаржау (100 кг)
Борис Гапченко (+110 кг)

Әйелдер
Сандуғаш Сейдіш (50 кг)

Күміс:

Ерлер
Ердәулет Нұрмахан (55 кг)
Мұқасан Самат (65 кг)
Абдулманаф Тузуев (80 кг)
Данияр Роман (110 кг)
Медет Құттымұратов (+110 кг)

Әйелдер
Лаура Каримбаева (50 кг)
Тахмина Гожанбердиева (70 кг)
Раушан Жаналиева (90 кг)
Алуа Бокаева (+90 кг)

Қола:

Ерлер
Нұрдәулет Қадыр (70 кг)
Владимир Матченко (100 кг)

Әйелдер
Жанна Қазтуғанова (55 кг)
Арайлым Мәлік (70 кг)

Асқар Таудай
Бөлісу: