Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Елшісі Әли Акбар Джоукармен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
СІМ мәліметінше, келіссөздер барысында сұхбаттастар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы және оны әрі қарай дамытудың келешегін, сондай-ақ екіжақты және көпжақты форматтарда, оның ішінде ИЫҰ және АӨСШК шеңберіндегі өзара ықпалдастықты жалғастыруға дайындықтарын мәлімдеді.
Кездесу соңында сұхбаттастар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша тұрақты байланыстарды сақтауға уағдаласты.