Қазақстан шешендері мен ингуштары Петропавлға 20 тонна су жіберді

23 Сәуір, 18:10 551

Петропавл қаласындағы ауыз суға қатысты жағдай жергілікті атқарушы органдар мен Қазақстан халқы Ассамблеясының тұрақты бақылауында, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көлемді қарғын су келген алғашқы күннен бастап қалада ауыз су тапшылығы байқалды. Осы кезеңде Қазақстанның шешен және ингуштар Қауымдастығы ҚХА-ның «Жүректен жүрекке» жобасы аясында маңызды қолдау көрсетті.

Аталған қайырымдылық жобасына Қазақстанның «Вайнах» шешен және ингуштар Қауымдастығының басқарма мүшесі Тимур Цицкиев, СҚО «Вайнах» шешен-ингуш қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сұлтанбек Газдиев, ҚХА кәсіпкерлер Қауымдастығының вице-президенті Джамбулат Тангиев 20 тонна тіршілік көзін алдыру және  жөнелту жұмыстарын ұйымдастырды.

Сонымен қатар, автокөлік іздестіру және жүкті тиеу жұмыстарын ұйымдастыруда ингушетиялық ҚХА мүшесі Батырхан Цуров көп көмек көрсетті.

Сондай-ақ, Джамбулат Тангиев су тасқынынан зардап шеккендерге азық-түлік, тұрмыстық химия, киім-кешек және төсек-орын түрінде жалпы сомасы 5,5 млн теңгеге қосымша гуманитарлық көмек көрсетті.

ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығының МФ директоры Беслан Навразовпен бірлесіп, Маңғыстау облысында тұратын этнос өкілдері қатарындағы жастар арасында еріктілерді тарту және гуманитарлық көмек жинау бойынша идеологиялық жұмыстар жүргізілуде.

Еске салайық, барлық өңірлерде ҚХА Достық үйлерінің негізінде гуманитарлық көмек жинайтын пункттер жұмыс істейді, Онда кез-келген адам азық-түлік, қажетті заттар, киім-кешек және барлық қажетті заттарды әкеле алады.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: