Қазақстан шекарасы арқылы 1,4 млрд теңгеден астам шетел валютасын алып өтпек болғандар ұсталды

2 Маусым, 11:10 1021

ҰҚК Шекара қызметі мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып биыл мамырда атқарылған жұмыстар туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Комитеттің мәліметінше, шекара кеңістігінде Қазақстан заңнамаларын бұзған 3 368 адам, оның ішінде 50 шетел азаматтары шекараны бұзғаны үшін қсталып, 59 шетел азаматтарымен шекараны бұзу әрекеттерінің жолы кесілді.

Мемлекеттік шекара арқылы 1 739 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды, соның ішінде:

38 – есірткі заттары, жалпы салмағы - 143 гр.;

82 – ату қаруы мен оқ-дәрілер (2 дана пневматикалық, 2 дана зақым келтіру және 135 дана суық қарулары, 62 дана оқ-дәрілер);

32 – діни әдебиет (561 дана);

536 – жалпы сомасы 10 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (46 тоннадан астам);

883 – жалпы сомасы 3 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;

168 – жалпы сомасы 1,4 млрд теңгеден астам шетел валютасы.

Каспий акваториясында 21 браконьерлік фактілерінің алды алынды. Атап айтқанда, 8 жүзу құралы, жалпы ұзындығы 36,7 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралы, 75 (703 кгбекіре тұқымдас балықтар, 3 487 (5 605 кгтаза тұқымдас балықтар.

Алды алынған залал сомасы 279 млн теңгені құрайды.

Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.

Айта кетейік, мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ. Барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеуде.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: