Қазақстан шегірткені өңдеп, шетелге сатпақ

20 Маусым, 10:13 588

Қазақстан шегірткелерді өңдеу жұмыстарын ұйымдастыруды, оларды экспортқа жөнелтуді қолға алмақ, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының, агроөнеркәсіп кешенінің төрағасы Бауыржан Қасеновтің сөзінше, қазіргі уақытта БҰҰ мәліметтері бойынша әлемде 2 миллиардтан астам адам шегірткелерді азық ретінде жейді: Африкада (Сенегал, Нигерия, Оңтүстік Африка), Оңтүстік Америкада (Мексика, Гватемала, Белиз), Азияда, кейбір ислам елдерінде (Таиланд, Қытай, Индонезия, Малайзия және т.б.).

Батыс елдерінің әлеуеті әлі пайдаланылған жоқ. Бірақ Еуропада қазірдің өзінде Нидерландыда шегірткелерді өңдейтін кәсіпорындар бар, ғылыми зерттеулерді дамытуға және жәндіктер өнімдерін шығаратын кәсіпорындарды енгізуге гранттар бөлінеді, - деп атап өтті ол.

АҚШ, Бельгия, Франция, Ұлыбритания, Вьетнам, Бразилия және Мексикадағы жеуге болатын жәндіктер нарығы 2015 жылы 33 миллион долларға және 2017 жылы Оңтүстік Кореяда 142 миллион долларға бағаланды. Шегірткелер 2-3 апта ішінде қанат алғанша жиналады. Мұндай зерттеулер Ставрополь, Челябі, Қалмақия және Ресейдің басқа да аймақтарында жүргізілуде. Өзбекстан ұшқышсыз ұшақтардың электрлік импульстары арқылы шегірткелерді парализациялау әдісін ұсынып отыр. Осылай қырылған шегірткелер кейін балыққа жем ретінде пайдаланылады.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, шегірткелерді одан әрі шетелге экспорттау үшін аулаудың озық әдістерін қолданған жөн, сонымен қатар шегірткеге қарсы күрес бойынша зерттеулер жүргізу тұрғысынан ФАО-мен ынтымақтастық орнатқан жөн, - дейді Ұлттық ғылыми-мәдениет басқармасының басшысы. 

Сондай-ақ, Қазақстанда өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты неміс ғалымдарымен бірлесе отырып, арнайы құрылғылар мен электр разрядтары арқылы шегірткелерді жинап, зерттеулер жүргізді.

Егер мемлекеттік қолдау болса, ұйым осы бағыттағы әзірлемелерді жүргізеді, бұл «шегіртке мәселесін» шешуге және қазақстандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін жоғары сапалы және жаппай ақуыз көзімен қамтамасыз етуге көмектеседі, - деді Б.Қасенов.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: