"Қазақстан" шахтасындағы өртке кім кінәлі екені белгілі болды

18 Қыркүйек 2023, 16:17 546

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов "АрселорМиттал Теміртау" шахтасындағы өртті тексерген комиссияның кінәлілерді анықтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Толық мәліметтерді алдағы уақытта құқық қорғау органдары жариялайды. Бірақ жауаптылардың саны 28 екені белгілі болды. Олардың арасында бас директордың коммерциялық сауалдар бойынша орынбасары Мохан Винит, материалдық-техникалық жабдықтау бойынша басшы Пойле Шайлендер, Ақ көмір департаментінің техникалық директоры бар.

Бұлар – тізімдегі лауазымы жоғары тұлғалар. Қалғандары шахта жұмыс істеген қызметкерлер, – деді Шәріпханов. 

Еске салайық, "Қазақстан" шахтасындағы өрт 17 тамызда тұтанған еді. Салдарынан 5 кенші көз жұмды. 

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: