Қазақстан сейсмологтары Тәжікстанда жер сілкінісін тіркеді

18 Мамыр 2023, 22:05 711

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі 18 мамыр күні Алматы уақытымен сағат 20:08-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 750 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 10.3. MPV магнитудасы – 5.0. Тереңдігі – 35 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәліметтер жоқ, - делінген хабарламада.

Берік Арманов
Бөлісу: