Қазақстандық семсерлесуші Руслан Құрбанов Италияның Милан қаласында өткен әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқи отырыңыз:
Руслан Құрбанов Миландағы әлем чемпионатының жартылай финалына шығып, кем дегенде қола медаль жеңіп алды. Ширек финалда жерлесіміз белден Валерио Куомоны жеңді. Финалға шығу үшін қазақстандық Венгрия спортшысы Мате Кохпен айқасады, - деп хабарлады Спортты дамыту дирекциясы.
31 жастағы Құрбанов 2017 жылғы Азия чемпионы, сондай-ақ 2019 жылғы Азия біріншілігінің қола жүлдегері.