«Қазақстан сабақ алуы керек». Депутат Ресейдегі теракт жайлы айтты

26 Наурыз, 14:24 557

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым өткен аптада Ресей Федерациясы Мәскеу маңындағы Красногорск қаласындағы «Крокус Сити Холл» концерт залында болған теракт жайлы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Парламент Мәжілісінің депутаттары қаза тапқандар мен жараланғандардың отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев терроризмге ешқандай ақтау болмайтынын, бейбіт тұрғындарға жасалған қатыгез, қылмыстық зорлық-зомбылық әрекетін айыптайтынын мәлімдеген. Біз мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен тілектеспіз, - деді Сарым.

Депутаттың сөзінше, Қазақстан әлемде алғашқылардың бірі болып Мәскеу облысындағы қатыгез террористік актіні қатаң айыптап, Ресеймен тілектес екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы АҚШ Сенатының мүшесі Стив Дэйнспен кездескенде «Терроризмге қарсы күресте барлық мемлекет бір-бірімен қарым-қатынастағы қайшылықтарға қарамастан, ауқымды халықаралық коалиция шеңберінде күш біріктіруі керек» деп айтқан болатын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің жедел отырысын өткізіп, онда құқық қорғау құрылымдары мен жергілікті атқарушы органдардың жұмыс жоспарлары, сондай-ақ олардың төтенше жағдайда қызметін үйлестіру мәселелерін қарады. Сондай-ақ президент терроризмге қарсы іс-қимылды күшейту, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды күшейтуге бағытталған нақты тапсырмалар берді, - деді мәжілісмен.

Осы мәселе аясында депутат Айдос Сарым премьер-министр Олжас Бектеновке сауалын жолдады.

Олжас Абайұлы, біз Қазақстан болған оқиғаны жан-жақты зерделеп, қажет сабақ алуы керек деп санаймыз. Оқиғаларды талдау барысында трагедия құрбандарының үштен бірі тікелей террористік шабуылдан қайтыс болған, ал қалған адам шығыны оқиға орнында болған өрт пен дүрбелеңге, күш құрылымдары мен іс-шараны ұйымдастырушылардың бірлесіп әрекет етпеуінен болды, - деді ол.

Айдос Сарым премьер-министрден бірқатар мәселеге назар аударуын сұрады:

Сондай-ақ мұндай жаңа объектілер өртке төзімді материалдарды пайдалана отырып, сейсмикалық және өртке қарсы қауіпсіздіктің барлық талабын сақтай отырып салынғанына назар аудару керек.

Миражан Махан
Бөлісу: