Қазақстан Ресеймен сауда айналымын 30 млрд долларға жеткізуге ниетті

Кеше, 20:23 125

Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Ресей президенті Владимир Путинмен өткен кеңейтілген отырыста мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінгі кездесуде біз барлық мәселелерді егжей-тегжейлі және іскерлік жағдайда талқыладық. Біз ынтымақтастығымызға қатысты ортақ пікірге келіп, Үкіметтерге тиісті тапсырмалар бердік. Бізді алда көп жұмыс күтіп тұр. Мен президент ретінде оның орындалуын қадағалайтын боламын, - деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша,  екі ел арасында күрделі проблемалар жоқ.

Екі ел арасындағы сауда байланысы артуда. Бүгінде екі ел инвестициялық келісім негізіндегі 18 млрд долларды құрайтын 93 жобаны іске асырып отыр. Алдағы уақытта оның көлемін 30 млрд долларға жеткізу мүмкіндігі бар, - деді мемлекет басшысы.

Миражан Махан
Бөлісу: