Қазақстан Ресейдегі сауда өкілдігін жабады

1 Ақпан 2023, 16:34 1986

Бұл туралы Үкімет басшысы 24 қаңтарда тапсырма берген

Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасына сәйкес, Сауда және интеграция министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі" мемлекеттік мекемесін тарату жоспарланып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның Ресейдегі сауда өкілдігінің таратылуына сәйкес, ҚР Үкіметінің бірқатар шешімдеріне өзгертулер енгізіледі.

"Қазақстан Республикасының Ресей федерациясындағы саула өкілдігі туралы" ережеге сәйкес, Сауда өкiлдігін қайта ұйымдастыру және тарату Ресей федерациясының тиiстi органдарын хабарландыра отырып, ҚР заңнамасына сәйкес ҚР Yкiметiнің шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады.

EL.KZ
Бөлісу: