«Қазақстан-Ресей шекарасында көлік кептелісі туындады»: ҰҚК түсініктеме берді

26 Қыркүйек 2023, 02:00 840

ҰҚК Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу пункттерінің жұмысы туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу пункттерінде, соның ішінде Атырау облысындағы «Құрманғазы» өткізу пунктінде автокөлік кептелісі туындағаны туралы ақпарат таралуда.

ҰҚК мәліметінше, шындығында Қазақстан-Ресей шекарасының көрсетілген учаскесінде автокөлік құралдарының кептелісі тіркелмеген.

Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеуде, қандай да бір шектеу шаралары енгізілмеген. Тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және шындыққа жанаспайтын мәліметтерді таратпауға шақырамыз, - делінген мәліметте.

Перизат Саденова
Бөлісу: