Қазақстан қыздар құрамасы әлем чемпионатын аяқтады

3 Қараша, 23:00 438

Бокстан Қазақстан қыздар құрамасы әлем чемпионатын аяқтады. Аға бапкер Жангелді Ахметовтің шәкірттері 2 алтын, 1 күміс және 6 қола медаль иеленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Жарыс қорытындысы бойынша Елянур Тұрганова (50 келі) мен Аружан Зейноллаева (81 кел) чемпион атанды. Ал 66 келідегі спортшымыз Ұлдана Таубай күміс жүлдеге ие болды. Бағжан Отынбай (52 келі), Әнел Абдрасилова (48 келі), Толғанай Қасымхан (60 келі), Аружан Жаңабаева (63 келі), Шұғыла Нәлібай (75 келі) мен Панар Сейітханқызы (+81 келі) қола жүлені қанағат тұтты.  

Перизат Саденова
Бөлісу: