Қазақстан Қытайға жылына 1 млн тоннаға дейін астық жеткізбек

11 Мамыр 2023, 20:45 1058

Бұл туралы Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрі Бейжіңде Қытайдың жетекші COFCO және CITIC Group агрокомпанияларымен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Ербол Қарашөкеев АӨК саласындағы өсу мен ынтымақтастықтың ауқымды перспективалары және екі елдің бизнес-қауымдастықтары арасында тікелей байланыс орнату жоспарлары туралы айтып берді.

Атап айтқанда, қытайлық COFCO және CITIC Group компанияларының басшылығына Қазақстанда астықтың едәуір қоры бар және экспорт үшін астықтың қажетті көлемі мен сапасын қамтамасыз ете алатын отандық компаниялар арқылы астық жеткізуді жүзеге асыру ұсынылды. 

Бұдан бөлек, логистикада проблемалық мәселелер туындаса АШМ оларды жедел шешуге көмектесуге дайын. Айта кетейік, Алашанькоу және Қорғас шекаралас қалаларында тәулігіне 10 мың тоннаға дейін астық жүктерін қабылдай алатын терминалдар бар. 

Сондай-ақ Ербол Қарашөкеев ҚХР-дың ет қауымдастығының өкілдерімен кездесуінде қазақстандық кәсіпорындар мұздатылған сиыр, қой және шошқа етінің экспортын тезірек қалпына келтірілуін күтетінін атап өтті. Сонымен қатар, отандық зауыттар салқындатылған ет және балық өнімдері, құс еті, жұмыртқа және басқа да тауар түрлерін жеткізуге дайын. 

АШМ басшысы ҚХР-ға экспортты кіргізу үшін отандық ет комбинаттарын аккредиттеу мүмкіндігін талқылады. Қазіргі уақытта тек 4 кәсіпорынның тиісті рұқсаты бар, тізімді тағы 13 компания толықтыра алады. 

Айта кетейік, өткен жылы Қазақстанда 1,06 млн тонна ет өндірілген.  Экспорттың негізгі үлесі Өзбекстанға, БАӘ мен Кувейтке тиесілі.

Сонымен қатар, Түркістан облысында тәулігіне 1500 бас ірі қара мал сою қуаты бар заманауи ет өңдеу кәсіпорны мен қосалқы өнімдерді қайта өңдеу зауытын салу жоспарланған. Бұдан басқа, өңірде ауыл шаруашылығы жануарларын сату бойынша ірі алаң құру жоспарланып отыр. 

Перизат Саденова
Бөлісу: