Қазақстан-Қытай саяси консультацияларының кезекті раунды өтті - СІМ

22 Сәуір 2023, 16:55 866

Бейжіңде консулдық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды

Бейжіңде консулдық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі СІМ-ге сілтеме жасап. 

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Бауыржан Акатаевтың басшылығымен қазақстандық делегация консулдық мәселелер бойынша Қазақстан-Қытай консультацияларының 21-ші раундына қатысты.

Келіссөздер барысында консулдық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың кең сұрақтары бойынша жан-жақты пікір алмасу өтті. Атап айтқанда, тараптар екі елдің азаматтары үшін өзара қолайлы жағдай жасау мәселелерін талқылады, сондай-ақ визалық режимді жеңілдету бойынша пікір алмасты.

Бейжіңдегі консультациялардың қорытындысы бойынша қазақстандық және қытайлық дипломаттар екі ел азаматтарының игілігі үшін консулдық саладағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге уағдаласты.

EL.KZ
Бөлісу: